Көкшетауда 8 жастағы қыз өртке оранған үйден балаларды құтқарып қалды

/uploads/thumbnail/20171215101857434_small.jpg

Көкшетауда өз інісі мен сіңілісін өртенген үйден алып шығып, құтқарып қалған 8 жастағы қызға алғыс хат табысталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдай департаментіне сілтеме беріп.

«Көкшетау қаласының Красный Яр ауылының №3 мектебінің 3-сынып оқушысы Ұлдана Дәуірқызы ерлік жасады. 9 қарашада өртке оранған үйдің ішінен өз бауырларын алып шықты. Еш қорықпастан, түтін жайлаған үйге кіріп оларды құтқарған»-делінді ТЖД хабарламасында.

Қайғылы жағдай орын алған күні балалардың анасы жұмысында түнгі кезекшілікке шыққан. Басқа туысқандары да үйде болмаған, түн ортасында үй өртеніп кетіп, 8 жастағы қыз балаларды үйден алып шыққан.

Қатысты Мақалалар