Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

/uploads/thumbnail/20170708162645248_small.jpg

Марат қажы Есенбаев 18 жастағы арумен некесін қиды. Бұған дейін "сынақ мерзімінде" жүрген Гүлияр есімді ару енді атышулы Сары әулиенің заңды әйелі.

Қазіргі уақытта олар перзент күтіп жүр екен.

Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Марат қажы бұған дейін "Үйдегі бәйбішелер төртінші әйелді "қашан әкелесің" деп асыға тосып жүр. Тәрбиеміз таза мұсылманша болғандықтан, бұндай жағдайлар бізді қайта қуантады. Өзім бұл қызды әлі жас, ес тоқтатсын, тәрбиеме бағынар болса ғана үйленемін, әлі жазға дейін менің сынағымнан өтеді", - деген болатын.

Гүлияр Марат қажының сенімін ақтап, дегеніне көнсе керек, қыс өтпей жатып олар отбасын құруға бел буыпты.

Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Бұл Марат қажы мен Гүлиярдың заңды некелесу кезіндегі туыстарымен түскен суреті. Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Марат қажының өзі "Соңғы кездері бауырым қатты мазамды алып жүр. Өзіме қарауға  а уақытым жоқ. Түбінде мені алатын дерт қой. Жақында ота жасатамын деп отырмын. Дәрігерлер бауырымның дерті асқынып кеткен деп жатыр. Енді барлығы да уақыт еншісінде", - дейді денсаулығына қатысты.

Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Бұл кісі Марат қажының өзінен алты жас кіші енесі. Яғни жары Гүлиярдың - анасы. Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото) Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото) Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото) Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Марат қажы өз сөзінде  "Екі тараптың туыстары да бас қосқанымызға дән риза. Жекжаттық қарым-қатынас басталып та кетті", - дейді.

Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Марат қажы ел арасында "Сары әулие" атымен 90-шы жылдары кеңінен танылған еді. Ол Қазақстанның әр аймағына, емдік сеансын өткізуге келген кезде үлкен стадиондардың өзіне халық сыймай қалатын.

Жақында ғана берген сұхбаттарының бірінде Марат қажы, өзін арнайы шет елдерге шақыратындар көп екенін айтқан еді. Емінің бағасы 4000 АҚШ долларынан 80 000 АҚШ долларының аралығында екен. Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото) Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын Марат қажының үлкен екі қызы "пәтерімізді тартып алды" деп әкелерін айыптаған еді.

Марат қажының өзі  үлкен қызының ерсі қылықтарын айтып одан бас тартатынын мәлімдеді. Сары әулие 18 жастағы аруға үйленді (фото)

Суреттер Марат Есенбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

"Nur.kz"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар