Төреғали Төреәлі қызу талқыға түскен видеоға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елімізге танымал әнші Төреғали Төреәлінің көрермендерге ұрсып жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Аталған видео туралы көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Ал әншінің өзі болса инстаграм парақшасына "өтірік" деген суретті жариялады. Әншінің нақты не айтқысы келгенін көпшілік түсінбесе де, әлеуметтік желідегі видеомен байланысты деп болжады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі бойынша Төреғали Төреәлінің кеші Атырау немесе Ақтау қаласында өткен. Кейбір оқырман бұл видеоның монтаж екенін айтса, енді бірі әншінің дөрекі әрекетін сынауда.