Бұл туралы радиостанцияның басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық эстрада әншісі Төреғали Төреәліге қатысты бейнежазбалардың әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқаны белгілі. Видеода әншінің адам қарасы қалың залдың сахнасында тұрып, көрерменге қарата ренжи сөйлеп тұрғаны түсірілген. Дереккөздері концерттің Павлодар қаласында болғанын айтуда.
Я директор радио @OrdaFM официально заявляю, что после вчерашнего инцидента с певцом Торегали Тореали, мы с коллективом решили снять с эфира все его песни, до того как артист не принесет публичное извинение жителю г.Павлодар, где проходил концерт.
— Azamat Issayev (@issaazamat) 23 декабря 2017 г.
Осы оқиғадан соң Orda FM радиосының директоры Азамат Исаев радио ұжымымен ақылдаса келе шешім қабылдаған.
Азамат Исаевтың айтуынша, Төреғали Төреәлі концертте болған Павлодар қаласының тұрғынынан көпшілік алдында кешірім сұрамайынша радиодан оның әндері қойылмайтынын хабарлады.