Грузия Қазақстанға $38 млн мемлекеттік қарызын қайтарады

/uploads/thumbnail/20171228114815569_small.jpg

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қарыз мөлшері $27 млн 774 мың құрайтынын айтқан. Бұл берешек 1992-1993 жылдары екі елдің Ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болып, мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделген. Соған сәйкес, бір жылдық мөлшерлеме 4% деңгейінде сақталып, Париж клубы ұсыныстарына сай қаржыны өтеу мерзімі ұзартылған. Осылайша 2017-2025 жылдар аралығында Грузия тарапының төлемдер сомасы $37 млн 997 мың-ға жетті. Яғни осынша қаражат алдағы 8 жыл ішінде бюджет бүйірін толықтыруы тиіс болған.

Қатысты Мақалалар