Қазақ эстрадасына жаңа дуэт келді. Балаларға арналған «Айгөлек» байқауының жүргізушісі Назым Абілдина мен жас әнші Еркеш Хасен үлкен сахнаға қанат қақты. Бұдай былай Еркеш пен Назым дуэт болып өнер көрсетеді.
Еркеш жаңа жобаның жұмысына түбегейлі бет бұрып, Астана қаласынан Алматы қаласына қоныс аударды. Қазір дуэт жаңа әндерін жазып, сахналық образдарын дайындау үстінде.
Дуэттің продюсері «Айгөлек» байқауының жетекшісі Ғалия Байбосынова. Ал «Дауыс International» тобының әншісі болған Айша Байбосынова жастарға көмек беріп, вокалдан дәріс беруде.
Естеріңізде болса, Еркеш осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейдің «1-арнасында» «Минута славы» бағдарламасына қатысып, барша жұртшылықты танқалдырған болатын. Байқау барысында Ресейдің атақты әншілерімен бірге өнер көрсетіп, байқаудың ұйымдастырушыларын тәнті етті. Нәтижесінде финалист атанды.
Жаңадан эстрадамызға аяқ басқан жас таланттарға сәттілік тілейміз!
"Baistars.kz"
Пікір қалдыру