Теміртау әкімдігі Жаңа жылға қаланы әрлеген компанияны сотқа берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа жылдық дайындықтың сапасы тұрғын үй коммуналды қызметі бөлімінің басшысы Теміртау Низами Гаджиевтің көңілінен шықпаған. Шенеуніктің сөзінше, компания жұмысы сапасыз.
«Көрсетілген қызметтің сапасы бізге ұнамады. Безендірулер әдемі болмады. Басқа да кемшіліктер жетерлік. ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың адал қатысушы емес екенін тану үшін сотқа шағым түсіруді ұйғардық» деді Гаджиев.
Әкімдіктің мәліметінше, Теміртауды Жаңа жылға безендіруге 11 миллион 600 мың теңге бөлінген.