Сенбіде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

/uploads/thumbnail/20180103144428369_small.jpg

13 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде Ақмола облысында бұрқасын күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді, бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с, тұман, Жамбыл облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар