Қазақ - мұсылман. Мұсылман - қазақ. - Баласының құлағына азан шақырып, ат қояды. - Баласына мұсылманша ат қояды (Қазақстандағы ең көп фамилия - Ахметов). - Баласының атынан құрбан шалып, шілдеханасын жасады. - Баласын сүндеттейді.
- Кәлимасын біледі. - Ұйқысынан ерте тұрды. Ассалаумағалейкум деп амандасты. Оң қолмен ас ішеді. Пұтқа табынбайды. Алласына сенеді, пайғамбарына ереді. Құранды оқып білмесе де, ақ матасына орап кілемнің жоғары тұсына ілді. Молдасын төрге сыйлап отырғызды, Құран оқыса құрметтеп, үндемей қалып, түзе бүгіп, алақан жайып тілек қылды. - Үйленсе, адалдап некесін қиды. Құрбан айт пен Ораза айтты мейрам тұтып, бауырсақ қуырып, дастархан жайды. - Берді: батаны да, пітірді де, садақа-қайырды да... Шамасы келсе, құрбан шалды. Шамасы келсе, қажылыққа барды. - Туыстық қарым қатынасқа берік болды. Көрші ақысын берді, жетімнің ақысын жемеді. Қартын сыйлады. Ең жаман қарғысы "Құдай ұрсын" болса, жақсы тілегі "Құдай жарылқасын" болды. - Шошқаны жемеді. Итті үй ішіне кіргізбеді. - Тамағын адалдан жеді. Еркегі жібектен киім кимеді. - Орыс-шүршітпен сыйласты, бірақ олардың сыйпатын қабылдамады - Әйел-қатыны денесін жабық ұстады, ері кең пейіл болды. - Адам қайтқанда жаназа намазын оқыды. Басына мұсылманша төртқұлақ бейіт салдырды. - Қайтқан адамның артынан ең құрығанда жұмасына бір Құран оқып тұрады.