Қазақ фейсбугінің айтпаған сөз, шиырламаған тақырып, тіміскіленбеген жері қалмаған-ау... Жөн делік. Бүгінгі қазақ ФБ-сынан "Əліне қарай жүгірген" алуан жүйріктің үнін естисің. Біреулер ел мұратын мұңдап "боздаса", біреулер қара басының қамын ойлап "ұлиды". Əлдекім (тектіліктің жұқанасы бар болу керек) адамдық бекзат болмыс іздеп "кісінейді", енді бірі орысқа қарап "қыңсылап", қазаққа қарап "үреді". Тағы біреулер Батысқа қарап "аңырайды", оны жақатпағанның кейбірі арабқа, бəзбірі түрікке жапақтап "мөңірейді"... Қалғанында үн жоқ. Демек, мен таныған қара қазақтың талғамсызы көп...
Қазақ қарлы боранда ыққан қойдай иіріліп тұр. Қай дауыс кеп қайырып, тықсырып айдаса, соның қорасына кіріп ықтамақ. Одан кейін олар өздері қалаған өріске өргізеді деген сөз. Бұйыртса олар 15-20 жылдан кейінгі қазақтар. Ал, ана үндердің қай-қайсысы осы межеге ұмтылып отыр. Демек, бүгіннен бастап қам қарекетке көшіп, өз үнімізді тауып алайық...
Ал, "Мәңгілік елде" кімнің үні қалар екен?! Ойлан, шырақ!
(Оразбек Сапарханның ФБ парақшасынан)