Путин мен Саакашвилидің диалогы

/uploads/thumbnail/20170708164742075_small.jpg

Ресей бұрынғы Совет республикаларының, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттердің ішінде болып жатқан рухани, тарихи үрдістерге араласып, кедергі жасап отыр. Әсіресе тәуелсіз, шынайы тарихқа қарсы, отарсыздануға қарсы белсенді қарсылық көрсетуде. Және де бұл үдеріс аса биік деңгей мен дәрежеде жүріп жатыр. Бір мысал келтірейін. Грузияда Саакашвили бастағана жаңа буын саясаткерлер билікке келген кез. Жаңа буын саясаткерлер, әрине, тарихты жаңғырту, отарсыздану, құлдық санадан арылу мәс

елесін бірінші орынға қояды. Жаңа үкімет алғашқы кезекте Тбилисде Ресейдің Грузияны отарлау тарихына арналған музей ашқан көрінеді. 2006-2007 жылдар болуы керек. Саакашвили мен Путиннің кездесуі болады. Сонда Путин тәуелсіз грузин мемлекетінің басшысына: "Сендерде не болып жатыр? Тбилисиде Ресейдің отарлық саясатын әшкерелейтін музей ашыпсыздар ғой. Қайдағы отарлау? Шындап келсе, Совет Одағын грузиндер басқарып келді ғой! Біз сендерді емес, сіздер бізді отарлап алдыңдар ғой" - деп шүйлігіпті. Саакашвили Путинге: "Олай болатын болса Мәскеуде грузин отарлауы музейін ашыңыздар. Біз еш ренжімейміз!" депті. Осыдан кейін Путин әбден кектеніп, Саакашвилиді тақтан тайдырамын, грузиннің көзіне көк шыбын үймелетем деп шешкен көрінеді. 2008 жылы Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны Грузиядан бөліп алды. Бұл сол кезде Грузияның реформа министрі, үкімет мүшесі Каха Бендукидзенің естелігінен.
Қазақстанда отарсыздану неге жүрмей жатыр, өз тарихымызды неге дұрыстап айтпай жатырмыз, Ресейдің отарлық саясаты туралы неге батыл әңгіме айта алмаймыз, Алматыда Аштыққа қатысты, Сталиндік репрессияларға қатысты музейлер неге ашылмайды деген сұрақтарға нақты жауап осы. Біздің билік Ресейден, оның президенті Путиннен өлердей қорқады. Бұл көкбет осындай әңгімелердің талайын айтып жатқан шығар біздің басшыларға. Бір кем дүние. (Айдос Сарымның фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар