Алматыда жексенбіде өрт сөндірушілер алпауыт өртті сөндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Спутник Қазақстан хабарлады.
18 ақпан таңғы сағат 07:29 құтқарушыларға Алмалы ауданы Гайдар көшесі, 107 мекен-жайы бойынша өрт шыққаны хабарланған. Айта кетсек, аталған мекен-жайға жақын маңда «Тастақ» базары орналасқан.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 8 минутта ауыздықтады.
Белгілі болғандай өрт екі қабатты жекеменшік тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан.
Өрт көлемі 390 шаршы метрді құраған. Жапа шеккендер жоқ.
Пікір қалдыру