Аягөз ауданының әкімдігі, облыстық білім басқармасы және «KazMinerals Aktogay» ЖШС арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Келісім аясында, Аягөз қалалық поитехникалық колледжі енді Ақтоғай кен орнына мамандарды әзірлемек.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевты «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында аудан жастары жұмыспен қамтылып, республикадағы ірі кен орындарының бірі кәсіби мамандармен толықпақ. Осы орайда Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов, «KazMinerals Aktogay» ЖШС директоры МаркЛи Пейдж және ШҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмадилованың қатысуымен үш жақтымеморандумға қол қойылды.
Қабылданған меморандум аясында Аягөз қалалық политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттер кен байыту комбинатында іс-тәжірибеден өте алады. Артынша біліктілігімен көзге түскен жас мамандар аталмыш кенорнында жұмыспен қамтылмақ.