Наурыз айының басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы:
солтүстік бөлігінде түнде 20...28 дейін аяз, күндіз 10....18 дейін аяз;
оңтүстік бөлігінде түнде 0...8 дейін, күндіз 0...5 төмендейді.
Еліміздің басым бөлігінде екпінді жауын-шашын және температураның жоғарылауы күтіледі.
Наурызда ауа температура нормадан жоғары 1...20С дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанай және Ақтөбенің солтүстігінде орташа температура сақталады.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп күтілуде.
Пікір қалдыру