Джеки Чанның ұлы түрмеден босатылды

/uploads/thumbnail/20170708165218688_small.jpg

Белгілі актер Джеки Чанның ұлы 32 жастағы Джейси Чан бостандыққа шықты, деп хабарлады Reuters.

Тергеу кезіндегі мерзімді есептегенде ол 6 ай темір тордың ар жағында отырған. Қытайлық полицейлер оның үйін тінту кезінде 100 г марихуана тапқан соң Джейси Чан 6 айға сотталған. Оған есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген айып тағылды. Үкім 9 қаңтарда шыққан. Сот Чанды бостандығынан айырып қана қоймай, оған $322 көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Inform.KZ

Қатысты Мақалалар