Қостанайдағы №11 мектептің директоры Гүлмира Ильясова көз жұмған қыздың жетім екенін, қамқоршыларының қарамағында тұрғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі alau.kz-ке сілтеме беріп.
"Отбасының жағдайы жақсы. Қыздың анасы қайтыс болған, соған қарамастан ол ашық, көңілді болатын",-дейді мектеп директоры.
Қайғылы жағдай орын алған күні 9-сынып оқушысы жаттығулардан кейін үйіне келген. Белгілі болғандай, қыз волейбол, регби секцияларына қатысқан.
«Не болғанын өзіміз білмейміз. Полиция мәселенің анық-қанығын анықтап жатыр. Біздің тәжірибемізде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Өте аянышты»,-дейді Гулмира Ильясова.
Еске салсақ, 9-сынып оқушысын 17 наурызда өлтіріп кеткен. Әзірге Қостанай облысының ІІД жағдайға қатысты түсініктеме бермеген.
Пікір қалдыру