Алматы облысында қарасора өсіріп, сақтаған 28 жастағы Қапшағай тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалына сәйкес, тергеу жұмыстары ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігіне сәйкес аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі бойынша жүргізілген. Күдіктіні тәртіп сақшылары 2017 жылдың күзінде «Қапшағай-Қазақстан ауылы» тас жолының 40-шы шақырымында «Шошқалы сай» шатқалында қолға түсірген. Ұстау барысында күдіктінің қолында қарасора есірткісі салынған қара полиэтилен дорбасы болған. Есірткі заттың салмағы 6 кг 640 грамм. Қапшағай қаласының соты күдіктіні кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Алматы облыстық ІІД 2018 жылдың өзінде заңсыз айналымда болған 292 кг әртүрлі есірткі затын тәркілеген. Оның 2 кг героин.
Пікір қалдыру