«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру мен орындау барысы күн тәртібіне қойылды.Қаладағы жоғары, арнайы оқу орындарындағы кәсіптік мамандарды дайындау, жатақхана мәселесі жауапты мамандардың есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы турасында қалалық құрылыс өкілдері баяндады.
Жалпы, Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 11 үй пайдалануға беріледі. Аумағы 83 мың шаршы метр баспананың құрылысы шаһардың оңтүстік-батыс және шығыс аудандарында жүріп жатыр. 2017 жылдың өзінде аталған бағдарлама бойынша 336 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді. 55 пәтерлі коммуналдық және 3 несиелік үй қолданысқа өтті.
Кезек санын азайтуға жаңа коттедж қалашығының да себі тимек. Оның инфрақұрылымы тартылып, жері дайын тұр. Бас-аяғы 607 үй салынады.
Пікір қалдыру