Алматы облысында қоғам қайраткерлері Айдос Сарыммен кездесу өткізді

/uploads/thumbnail/20180325141222276_small.jpg

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Smart Zhetysu» жобасы аясында қоғам қайраткері, саясаткер, журналист Әміржан Қосанов, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, журналист-сарапшы Нұрлан Нұрғазинмен кездесу өтті. Алғашқы сөздің тізгінін алған Әміржан Сағидрахманұлы елімізде атқарылып жатқан мемлекеттік маңызы бар оқиғаларға тоқталды.

«Мен өзім спичрайтермын, текстологпын. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының биылғы Жолдауы ең әлсіз жолдау болды деп айта аламын. Оның түрлі себептері бар». Талдықорғанда студент жастармен кездескен белгілі саясаттанушы Айдос Сарым биылғы жолдау туралы студент сауалына осылай деп жауап берді.

«Елбасы Жолдауы туралы сан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Жақтаушылар да, даттаушылар да бар. Сіздің пікіріңіз қандай?» деген сауалды І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Ақмарал Мəмет қойды.

«Әрине, түсінем жыл сайын таң қалдыратын Жолдау жасау қиын. Алдымен алғашқы Жолдауларда қойылған мақсаттарға жетіп алуымыз керек. Сонан кейін ғана келесі кезектегі міндеттерді орындауымыз шарт» дейді саясаттанушы. Айтуынша, мұндай маңызды құжаттар жылдың басында емес, соңында жасалғаны дұрыс. «Бұндай маңызды стратегияларды орындау үшін атқарушы билікке тиісті деңгейде дайындық керек. Яғни, жыл басына кемі 2-3 ай қалған уақытта Жолдау жасалса, келесі жылы соған сәйкес жоспар дайындалады. Сонда жұмыс нәтижелірек болады» деп атап өтті спикер.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық қолдағанымен, орындалу барысында кейбір кемшіліктер бар. Оны ашық айтуға тиіспіз. Оған ұлттық, тарихи, қоғами жауапкершілік тұрғысынан қарауымыз керек. Бағдарламада ұлттық ұстаным, ұстын, қазақтың болмысына ғана тән нәрселер ашық айтылған. Бұл үлкен геосаяси жағдайдағы батыл қадам және мемлекеттік құрылымдарға бағдар, – деп науқаншылық болмауын, кейбір жазушылар 60, 70 жылдық мерейтойды «Рухани жаңғыру» аясында өткізіп жатқандығын айтты. – Мен оған қарсымын. Көзқарас мейілінше салмақты, сарабдал және жауапкершілікті болуы қажет. Біз қазақ қоғамымыз, біздің келешегіміз қазақ халқының ертеңгі күні. Осы бағытта ұрпақ тәрбиелеу баршамызға артылған міндет, – деп ойын түйіндеді. Айдос Әміроллаұлы болса, қоғамда көңіліне жақпайтын жаман үрдістің, немқұрайлылықтың барын тілге тиек етті.

Кездесу барысында әртүрлі сұрақ қойылып, соған сай тұщымды жауап берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бұқара халыққа ұғындыру жолдары баяндалып, осы тұрғыда өскелең ұрпақты тәрбиелеу тетіктері мысалға келтірілді.

– «Рухани жаңғыруға» өте бір жеңіл көзқараспен қарап келе жатқан сияқтымыз. Модернизацияны кейбір азаматтар «еуроремонт» деп түсінеді. Ешбір ел, қоғам модернизацияны жақсылақтан жасамайды. Ол түңілудің, рухани дағдарыстың нәтижесінде дүниеге келеді. Жақсы дамығымыз келсе, бүгінгі болмысымыздағы, тұрмысымдағы біраз нәрседен бас тартуға мәжбүрміз. Осыны істемесек, онда көптеген жұмысымыз нәтижесіз қалады. Модернизация – өмір мен өлімнің таңдауы. Сүреңсіз өмір ол да өлім. Бақытсыз ғұмыр кешу – өлудің ұзақ мерзімді түрі. Өмірге деген құлшыныс, пайым артқанда ғана жетістікке жетеміз. Сондықтан рухани күйзелістерді дұрыс қабылдап, түсінуіміз керек, – деп елге ұғындыру жолдары, жастардың санасына серпіліс жасау тұрғысында пікір білдірді. Елбасының мақаласында айтылған ұлттық құндылыққа қатысты тұстарды тереңінен түсіндерген Нұрлан Нұрғазин тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілінің әлі де дамымай жатқандығын жеткізді. Ол үшін алдымен ел ағалары осы мәселеге мән беру керектігін алға тартты, - деп түйіндеді белгілі саясаттанушы Айдос Сарым.

Қатысты Мақалалар