Қазақстан өзінің автоөнеркәсібін дамытуға 20 миллиард теңге бөледі, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" хабарлайды.
"2016 жылы кəсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін "Бəйтерек" АҚ-ның Ұлттық қордан алып жатқан 100 млрд теңге көлеміндегі ұзақ мерзімді қарысының 75 млрд теңгесі 2015 жылға ауыстырылды. Оның 20 млрд теңгесі отандық көлік шығарушыларға, 10 млрд теңгесі вертолет құрастырушыларға, 5 млрд теңгесі жолаушылар вагонын шығарушыларға бөлінеді", - деді министр.
Сонымен қатар, экспорттаушыларды қолдауға 35 млрд теңге берілмек. Ал 5 млрд теңге көлеміндегі қаржы кепілдік беретін қорлардың қаржыландырылуына жəне жұмыстың басталуына берілмек. nur.kz