Әли Оқапов «Қазақстан дауысы» жобасының финалиcтiне продюсер болды

/uploads/thumbnail/20170708165641864_small.jpg

Әнші Әли Оқапов пен директоры Ерлан Алимов ресми түрде жаңа жобаларын таныстырды.

Әнші мен директоры  кеше  арнайы тілшілермен кездесу өткізіп, ресми түрде жобаларының атын жариялап, бірге сұхбат берді. Кезекті жаңа жобасы бірнеше күн бұрын ғана аяқталған «Қазақстан дауысы» мегажобасының финалисті Индира Еділбаева есімді жас ару. Енді Индираның музыкалық продюсері Әли Оқапов, ал продюсері  Ерлан Алимов.

iZzn67A8UbU-1024x683

Әли Оқапов:  "Жалпы Индирамен таныс болғанымызға 2 жылдай уақыт болды. Бір –бірімізді ортақ таныстарымыз арқылы білетінбіз. Осыдан бірнеше ай бұрын директорым Ерлан маған «жаңа жоба алайық» деп ұсыныс жасаған болатын. Содан біз ғаламтор арқылы кастинг жарияладық. Нәтижесінде 400-ге жуық хаттар мен ұсыныстар келіп түсті. Өкінішке орай көбісі дұрыс шарт бойынша жібермеген. Дұрыс хат жібергендердің ішінен Индираның хатын қабылдадық. Алғашында таң қалдым. Себебі, мен осыған дейін Индираның жеке әнші ретінде бізбен жұмыс істегісі келгендігін білген жоқпын. Ерланға «Индираны таңдаймын» деп айттым. Кейіннен кездесіп, сөйлесіп, қандай адам екенін, мінезін, жоспарларын білген соң осындай ортақ шешімге келдік." деді.

Baistars.kz

Қатысты Мақалалар