"Қазақстанда жасалған" деген ұранмен өткен акцияға белгілі актер, тележүргізуші Тұсынбек Қабатов қатысты.
Әзілкеш әртіс отандастарын жарқыраған жарнамаға алданбауға үндеді.
"Өзіміздікі таңертен шығарылса, кешке дүкендердің сөрелерінде тұрады. Ал шет елден келгендер, сырттан келгендердің жарнамалары айғайлап тұрғанмен, ол бізге келгенше 10 күн, дүкендерге қойылғанша, тағы 10 күн, ол ол жерде тағы қанша күн тұрды, тағы білмейміз. Жарнамасына байланысты біз қызығып алып жатамыз. Ал өзіміздің отандық өнімдерді алатын болсақ, олар жаңа, әрі таза. Сондықтан мен өз басым отандық өнімдерді қолдаймын", - дейді шоумен Тұрсынбек Қабатов.
Көңілді тапқырлар клубының кешегі белді актері, ресейлік достарының Қазақстаннан баратын базарлықты асыға күтетіндігін айтады.
"Әрбір ойынға қалжыңмен қоса, қазақстандық өнімді арқалап баруға тура келетін", - дейді актер.
"Кезінде Ресейге КВН-ге барып жүрген кезімізде бізді сол жақтың КВН-щиктері, басқа ұлттың өкілдері бізді кәдімгідей бүйтіп қарсы алатын. Бізге айтатын, қазақстандық өнім керемет деп. Мен оны ешқандай мақтап жатқаным жоқ, қосып жатқаным жоқ", - деді Қабатов. "Астана арнасы"