Роза Әлқожа бесінші перзентін дүниеге әкелді

/uploads/thumbnail/20170708170035451_small.jpg

Бейбарыс, Жанарыс, Еларыс атты үш арыс пен Ақбота сынды арудың анасы, қазақтың әнші қызы Роза Әлқожа дүниеге бесінші сәбиін алып келді.

Жұбайы Айдын Қаба екеуі де «Ақботамызға сіңілі керек» деп ниеттеніп жүрген еді. Жаратушы сол тілекті қабыл етсе керек. Жаңадан дүние есігін ашқан күл шашардың салмағы — 3 кг 850 грамм, бойы — 53 см.

Аналық қуанышымен алаштың аяулы қызы өзінің Фэйсбуктегі жеке парақшасында былай бөлісті: «Аллаға мың мадақ!!! Бүгін таңғы сағат 8-де менің гүлім жарық сәулені көрді. Елдің бата-тілегі деп білемін! Ниеттес жандардың баршасына Алла пана болсын!»

Қуаныш иелері шақалаққа әзірге қандай есім қоятындарын таңдау үстінде. Сіңлісіне ат қою мәртебесі әпкесі Ақботаға берілуі де ғажап емес. Нәрестенің бауы берік болсын!

Аллаға шүкір!Бізде үлкен жаңалық!Құттықтап жатқан жандарға үлкен рахмет! Айекең осы жолы алғаш рет қасымда боп,көмек көрсетті.Əрине шамалы уақыт)).Мынадай суреттер жіберіпті артынан.Таңертең сағат 8-де болған қуаныш! Аллаға мадақ!Сіздердің ақ тілектеріңіздің арқасында менің əппақ гүлім дүние есігін ашты.Алла разы болсын баршаңызға!Тек қуаныш көруге жазсын!Алла пейілдеріңізге берсін!!!

Фото опубликовано Roza Alkozha (@roza_alkozha01)

Баршанызга акшам кайырлы болсын! Фото опубликовано Roza Alkozha (@roza_alkozha01)
baistars.kz

Қатысты Мақалалар