Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының бойында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 7.40-та болған. Қордай ауданы Соған ауылының маңында ішінде 17 жолаушысы бар «Mersedec Sprinter» шағын автобусы аударылды.
— Салдарынан екі адам мерт болды. Жараланған жолаушылар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаны себеп-салдары тексеріліп, бірқатар сараптамалық жұмыстар жасалып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.