Саясат
Экономика
Әлеумет
Сұхбат
Спорт
Барлық аймақтар
Алматы облысы
Атырау облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе облысы
Батыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Маңғыстау облысы
Түркістан облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Астана
Алматы
Толығырақ
Құқық
Бизнес-жаңалықтар
Әскери журналистика
Сайлау 2021
Дипломат миссиясы
Әкімдердің рейтингі
Коронавирус
Таза Қазақстан
Ел
Мәдениет
Медиа
Мінбер
Дәстүрлі ән
Эстрада
Күй
Сайлау 2021
Дәстүрлі ән
NEWS
Шоу-бизнес
Оқиғалар
IT
Ұлт болмысы
Ғылым-білім
Ән-күй
Қамшыгер
Өнер
Денсаулық
Кәсіпкер
Шаруашылық
Фото-баян
Сөздік
Қазақ дауысы
Бизнес
Нурлы жол
Айтты-ей, бауырың!
Наука и IT
Заң
Өмір
Қазақ дауысы (2 кезең)
Қазақ дауысы (3 кезең)
Қазақ дауысы (шешуші кезең)
Мемлекеттік бағдарламалар
Қоғам
Әлем
Тарих
Сегіз өрім
Kazakhstan
International
Music
Special reports
The Digital Kazakhstan
100 Concrete Steps
Today's paper
Elections
Entertainment
Car News
Саяхат
Философия
Детектив
Тылсым
Тағайындау
Үкімет
Арнайы жобалар
Тәлім мен тәрбие
Дін
Өзгеріс
Қазақ дауысы (1-кезең)
Әдебиет
Наурыз
09:39, 05 қыркүйек 2026
USD
457
EUR
533
RUB
5
Түнгі режим
Күндізгі режим
Жаңалық ұсыну
Жоба туралы
09:39, 05 қыркүйек 2026
USD
457
EUR
533
RUB
5
Түнгі режим
Күндізгі режим
Жаңалық ұсыну
Қазақша
Қазақша
Русский
English
Qazaqsha
قازاقشا
Саясат
Экономика
Әлеумет
Сұхбат
Спорт
Толығырақ
Қаржы
Құқық
Бизнес-жаңалықтар
Әскери журналистика
Сайлау 2021
Дипломат миссиясы
Әкімдердің рейтингі
Коронавирус
Таза Қазақстан
Ел
Мәдениет
Медиа
Мінбер
Дәстүрлі ән
Эстрада
Күй
Сайлау 2021
Дәстүрлі ән
NEWS
Шоу-бизнес
Оқиғалар
IT
Ұлт болмысы
Ғылым-білім
Ән-күй
Қамшыгер
Өнер
Денсаулық
Кәсіпкер
Шаруашылық
Фото-баян
Сөздік
Қазақ дауысы
Бизнес
Нурлы жол
Айтты-ей, бауырың!
Барлық аймақтар
Алматы облысы
Атырау облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе облысы
Батыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Маңғыстау облысы
Түркістан облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Астана
Алматы
Жоба туралы
Қаз
Қаз
Рус
Eng
Qaz
قاز
Басты
Әдебиет
Есенғали Раушановтың өлеңдері
Bilal Quanysh
18:28, 24 ақпан 2015
Басып шығару :
11753
Бөлісу:
2012 ЖЫЛЫ ҚАРҒА ЖАЗЫЛҒАН СОНЕТ
Көктем кешiктi
Көңiл жабырқау. Көктайғақ
Көше талдары көкке қол жайған көп бейбақ
Көп керек емес Алматыға да, маған да
Сәл ғана мейiрiм, аз ғана шуақ жетпейдi-ақ.
Шаршаңқы көңiл, шашыраған ой тарыдай,
Өтер ме екенбiз жылылыққа бiр жарымай.
Қадекең кеттi, Тұмағаң кеттi өткен жыл,
Түсiм болса екен осының бәрi, а, құдай.
Дүние жаңа едi, қалайша жылдам көнердi
Сен мұндай емес едiң ғой бұрын, Алматы
Сен мұнша суық емес едiң ғой, не болды?
Қош дейтiн кез де келедi-ау ертең фәниге
Қиналмай өлсем деп армандайсың, қор болмай
Қиналмай өлсем ...... (тап қазiр емес, әрине).
***
Менiң аңқау тәтемдi,
Менiң адал тәтемдi,
Менiң ауру тәтемдi
Алдап кеткен қара жүрек, келдiң бе?
Көрiнбесең болар едi сен мүлде,
Көп жұбаттым шыдашы деп мен оны,
Тез келер деп саған құлай сендiм де.
Күлгенiңдi, гүлдерiңдi сағынды ол,
Жайраң қағып жүргенiңдi сағынды ол.
Қашан ғана еридi деп сұрайтын,
Қаңтар байдың қатып-семген қары мол.
Жiбiмедi, ерiмедi сiрi қар
Кездi боран қара таппай ұрынар
Ешкiм сенi ақ тәтемдей күткен жоқ
Күтпейдi де. Бiлiп ал.
Сыбырлады ол ернiнiң ұшымен
Саған айтар сөзi бар-ды, түсiнем.
Сенi қашан келедi деп сарыла
Терезеге қарап жатты қысымен.
Соңғы күнi төңiрегiн жай барлап,
“Қашан?” дедi маған қарап қайран қап
...Келiп тұрсың түк бiлмеген болып сен
Бәрi бiткен кезде мiне, жайраңдап.
Мен сенi қарсы алмаймын, көктем.
***
БҰЛ ҮКIМЕТ БЕЛГIЛЕП БЕРГЕН МЕРЕКЕ
Қуан дейдi, тойла дейдi ол маған,
Жоқ сияқты түк қайғым.
Алматыңыз толған думан, толған ән,
Бұл не дырду – ұқпаймын.
Қуан дейдi, тойла дейдi жұртқа ұсап,
Күнә дейдi жырламау.
Менiң жаным қырық жамау, қырық пышақ,
Оны бiлер кiм бар-ау?!
Оңашаны ұнатам,
Дариғашыл дарақылау ғасырда.
Қазақстан емес шығар мына Отан,
Қазақ емес шығармын мен, расында.
Бiрге күлiп сендермен,
Ода жазсам қайтер едi олла деп.
Бұрылғым-ақ келгенмен,
Бiр қырсық бар, жiбермейдi сол нәлет.
Нәлет бiздiң жүрiске.
ОРЫНДАЛМАЙТЫН ТIЛЕК
Тоқтат, әже, қиссаңды осы маңда,
Керемет той бар деген тосын алда.
Жайық жаққа жаз келсiн, сүйiншi де,
Төлеген мен Жiбектi қосып ал да.
Жайды жағалбайлылар керегенi
Қонды сазға алты қаз төбедегi.
Сенiң балаң болмаймын өйте берсең,
Неге өледi Жiбектiң Төлегенi?
Дүрiлдесiн Жайықтың қырат-қыры,
Өледi деп айтпашы жылап түбi
Ең болмаса жалғыз түн көңiлдi өтсiн,
Жалғыз түнi, ой алла, бiр-ақ түнi.
***
Қалай тез өттi, зу еттi қалай ботам-ай
Кеп-кеше едi ғой бәрi де соның о, тоба-ай,
Ыңғайға бiрден құлай салатын боп барам,
Жылай салатын бол алдым тағы оп-оңай,
әжем секiлдi.
Жылай салам да жыртығым жаман бүтiндеп
Бүтiндемесем бүгiн өлердей күпiр боп
Ырым етемiн. Ырымым қырын кетедi
Қырын кетсе де сене беремiн шүкiр деп,
әжем секiлдi.
Байыз тапсамшы, шалабым бекер шайқамай,
Ескi дұғаны қайталай беремiн, қайталай.
Оқталып келiп тiрiлерге арнап айтпаққа
Өлгендерменен сөйлесiп кетем байқамай,
әжем секiлдi.
Бiлмеймiн, баста берместi неге сұрағам,
Жан-жағым түгел шытырман жолдар шұбаған.
Алысқа қарап отырам сосын күн салып
Келердей қайтып келмеске кеткен..... бiр адам ....
әжем секiлдi.
***
1974 жыл, Алматы
Абай даңғылымен,
Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен
Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз
Таза едiк қой күнәдан, күдiктен бiз
Тұманбайды сүйемiз екеумiз де,
Екеумiз де үкiлi үмiттермiз.
Әсем әнi, қылығы неге тұрады?!
Ару едi ол, жолында өлетiн-ақ.
Көп ұзамай тұрмысқа шығып кеттi,
Тұманбайды аяппын мен ақымақ.
Аяғам жоқ өзiмдi, жырды аядым
О, не деген қатал ед, гүл баяным.
Бiр бәйбiше жүр бүгiн Алматыда,
Сыры кетпес сынса да сырлы аяғым.
Бар мiнiмен, бар сәуле, бар мұңымен
Жастық бiзден алыста қалды бiлем.
Гүл шоғы, тал бүрiмен,
Таза ауа, таң нұрымен.
Сәуiрдiң жаңбырымен
Жуынып баяғыдай
Сендер қыдырыңдар ендi Абай даңғылымен
Мен демаламын.
***
Қаш, қаш бала, қаш бала, қаш, қарағым,
Таста бәрiн.
Бұл пәләден есен-сау құтылудың
Ешкiм әлi тапқан жоқ басқа амалын.
Жалғыз көздi,
Жалмауыз басты,
Жез тырнақты,
Темiр тұяқты,
От тынысты,
Көк құрышты,
Дию тектес бiр нәнсоқ құж келедi.
Сен секiлдi балапан iздегенi,
Менi болса ерте ұстап алып кеттi
Қаракесек сол пәле мұз денелi.
Оның аты – Жалғыздық. Ол дегенiң –
Оман дария бойында шөлдегенiң
Өмiр бақи ол қуып, сен қашасың
Ең абзалы бiлмеген, көрмегенiң.
Алтын торға тап болып бiр керемет,
Суық үйге кiресiң мүлде бөлек,
Ештеңе жоқ, өлмейсiң, тек мен құсап
Өлеңшi боп кетесiң
(бiрақ ол кiмге керек?)
ИНТЕРВЬЮДЕН СОҢ
Несiн қазбаладың,
Өшкем де жоқ, жоқ және маздағаным,
Қателердi жасауға мен жасаған
Бiр кiсiнiң ғұмыры аз, қарағым.
Ақталам не деп бүгiн,
Бақа уайымым көп болды, бөлек мұңым.
Жаңсағым мен мiнiмдi түзетерге,
Мен бiлмеймiн қанша өмiр керектiгiн.
Сатпаған құстар ғана,
Әсiресе, бозторғай ұшқан дара.
Менiң ессiздiктерiмдi қайталауды
Тiлемеймiн дос түгiл дұшпанға да.
Көлден өтiп, көлденең шөлден өтiп,
Өлмегенмен өзiңдi өлмелi етiп,
Ел жадынан тезiрек ұмытылсаң,
Ешкiм бiлмес, танымас жерге кетiп.
Бiзде нендей алысқа самғар күш бар,
Бәрi өтпелi – арзу, ой, арман құштар.
Қалатыны түк те емес – бiр құлпытас,
Қонып ұшар қанаты талған құстар.
***
Мiнеки, үт те зу ете қалды бөгелмей,
Алып шаһар тұр жасармай-дағы, көнермей
Аяулы күндер көп болушы едi бiр кезде
Аяқталмаған өлеңдей.
Ендi оралмайтын есiл кештердi көрмей қап,
Аяулы күндер көп әлi деймiн мен бейбақ.
Жаз жылдам өтiп барады бұ жыл, ол жайлы
Ойланғың-дағы, тiптi бiлгiң де келмейдi-ақ.
Тұрғынымыз бiз баяғы жасыл көшенiң,
Тыңдама жұрттың қағытпа, қаңқу, өсегiн
Өтiрiк.
Жала.
Ол мүмкiн емес! Сенбеңдер!
Жаз шынымен-ақ бiтедi бiр күн десе кiм.
Сыршыл бақтарды бекерден бекер мұңшыл ғып
Жаз бiтедi деп неге бiз ерте күрсiндiк.
Қыс жылдан жылға сұмдық суытып келедi
Ол солай, рас.
Өкiнiшке орай, бұл шындық.
ҚАЗАҚША ХАЙКУ
Жаңа жыл
Аралаймыз қар басқан бақшаны бiз
Көзiм алды ақ әлем, аппақ дүние,
Ал көңiлде баяғы сап-сары күз.
Қадыр түнi
Еске түсiп ескi жайт алаңдадым
Не тiлейдi екенсiң бұл түнi сен
Соны бiлiп өлсем ғой – бар арманым.
Қысқы кеш
Тұр биыл аязды боп ақпан ұдай
Бағана тауда көрген жаралы құс
Өлiп қалған жоқ па екен, сақта құдай.
Кафе. Айырылысу
Жоқ, бiрiншi сен кеткiн. Мен отырам
Бiраздан соң жаныма Жаз келедi
Жаздың жүзi, бiрақ та неге тұман?!
Көктемде...
Көктем масаң бiр мәз боп, бiр өкiрдi,
Менiң анам қайтқан жыл дәл осындай
Арсыз желдер түнiмен үретiн-дi.
Есенғали РАУШАНОВ
"Жас Алаш"
Рахат Әлиев өз-өзіне қол жұмсады
Алдыңғы
Рахат Әлиевтің өлерінен бір күн бұрын әкесіне жазған хаты (толық нұсқа)
Келесі
Қатысты Мақалалар
Дәуір биігінен естілген жырлар
22:02, 19 тамыз 2026
Цифрландыру дәуіріндегі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы
03:00, 02 наурыз 2026
Ғалым Қалибекұлы: «Бақытты өлім»
20:05, 26 ақпан 2026
Махамбет-Мағжан өлмепті!
14:19, 10 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек
13:16, 20 қаңтар 2026
«100 кітап» ұлттық сауалнамасының нәтижесі жарияланды
18:06, 11 тамыз 2025
Ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті
09:54, 10 мамыр 2025
Мәжіліс төрағасы кітап шығарушыларды қолдау шаралары туралы айтты
07:47, 24 сәуір 2025
Алтын адамның аманаты - мемлекеттік маңызы бар мұра
14:53, 23 сәуір 2025
Қазақ әдебиетінің классигі Әкім Тарази өмірден өтті
11:13, 22 сәуір 2025
Соңғы жаңалықтар
Ең көп оқылған
Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты
12:12, 04 қыркүйек 2026
6,8 триллион және ірі инвестициялық жобалар: Марат Сұлтанғазиевтің Алматы облысын басқарған кезеңі немен есте қалды
11:59, 04 қыркүйек 2026
Алматы облысында 5 жаңа мектеп ашылып, күрделі жөндеуден өткен 10 білім ошағы пайдалануға берілді
14:56, 01 қыркүйек 2026
Артық салмақсыз семіру мүмкін бе?
13:12, 01 қыркүйек 2026
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
14:46, 31 тамыз 2026
Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі болып қайта сайланды
11:39, 31 тамыз 2026
ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
11:35, 31 тамыз 2026
3000 қатысушының арасынан озып шыққан мектеп директоры
21:49, 30 тамыз 2026
Берік отбасы – қоғамның тірегі: Алматы облысында «Мерейлі отбасы» жеңімпаздары марапатталды
17:08, 28 тамыз 2026
Айбек Дадебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
14:30, 28 тамыз 2026
Президент Халық Кеңесінің қашан жасақталатынын айтты
13:03, 28 тамыз 2026
Тоқаев Вице-президент кандидатурасына қатысты мәлімдеме жаса
12:59, 28 тамыз 2026
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛДЫ
10:40, 27 тамыз 2026
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Құрылтай депутаты болды
19:38, 26 тамыз 2026
Алматыда Марфуға Айтқожинаны 90 жас мерейтойымен құттықтады
14:32, 25 тамыз 2026
Балконда, автомобиль мен киімдерге қоюға болмайды: Мемлекеттік рәміздерге қатысты қандай өзгеріс енгізілді?
20:17, 24 тамыз 2026
Ашықтық, реформалар және тұрақтылық: шетелдік сарапшылар Қазақстандағы сайлауды оң бағалады
18:00, 23 тамыз 2026
Назарбаевтың отасы және мемлекеттік құпия: Саясаттанушы не дейді?
16:31, 23 тамыз 2026
Тоқаев вице-президенттің есімі қашан жарияланатынын айтты
16:01, 23 тамыз 2026
Қапшағайдағы шоу: Қонаевта Құрылтай сайлауы күні флайбордшы өнер көрсетті
15:53, 23 тамыз 2026
Қонаевта Д.А. Қонаевтың туысы Эльдар Қонаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
15:45, 23 тамыз 2026
Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр?
14:28, 23 тамыз 2026
Алматы облысында былтырдан бері 2536 отбасы баспаналы болды
21:42, 21 тамыз 2026
ЖИ балалық шақты қалай өзгертеді: ЮНИСЕФ қауіпсіздік, Білім және инклюзия туралы айтты
20:00, 21 тамыз 2026
Құрылтай сайлауы: азаматтық қоғамның рөлі қандай?
20:00, 21 тамыз 2026
Қазақ тіліндегі «құт» концептісінің лингвомәдени сипаты
09:21, 21 шілде 2026
Мемлекет басшысы Көбейтұз көлінің жай-күйіне назар аударды
18:22, 17 шілде 2026
Өнердің өрісі кеңейген тағылымды күн
14:40, 10 шілде 2026
Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды
22:20, 27 маусым 2026
Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді
16:14, 01 шілде 2026
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі басталды
14:42, 27 маусым 2026
Қазақмыс Ұлытау облысында геологиялық барлауды күшейтіп, бұрғылау көлемін екі есеге арттыруда
15:37, 16 маусым 2026
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда
18:47, 18 маусым 2026
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
15:03, 08 маусым 2026
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
19:09, 01 маусым 2026
Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты
17:09, 20 шілде 2026
Халықаралық «Формула-1 H2O» жарысын Қонаев қаласында өткізу жоспарлануда
13:13, 30 шілде 2026
Алматыда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу рәсімі өтті
17:00, 31 мамыр 2026
Халықаралық БАҚ: Қазақстан жаһандық баяулау аясында орнықты дамуды сақтап отыр
14:07, 02 шілде 2026
«Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандитаттар тізімін бекітті
15:21, 10 шілде 2026
Асхат Асылбеков: Күшті билікке күшті тұлғалар керек!
12:01, 28 шілде 2026
Scopus-қа мақала, шетелге қаржы: Қазақстан ғылымының есебі кімге керек?
00:21, 01 тамыз 2026
Абзал Достияр: Думан Мұхаметкәрімді Алматы түрмесіне ауыстыруы мүмкін
16:15, 27 шілде 2026
Өскенбай Құлатайұлы: Руханиятқа қызмет еткен қаламгер
17:46, 26 шілде 2026
«Тектілер ту көтереді» байқауы өз жеңімпаздарын анықтады
18:39, 23 шілде 2026
Еңбек адамына көрсетілген құрмет: Алматы облысының әкімі коммуналдық қызметкерлермен бірге тазалыққа шығып, таңғы ас ішті
13:57, 24 шілде 2026
Қонаев қаласының әкімі «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады
16:27, 23 шілде 2026
Жағымпаздыққа тоқтам бола ма?
18:16, 08 шілде 2026
Мерей Абзалбеков Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды
20:05, 09 маусым 2026
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ
10:28, 15 шілде 2026