2017 жылы дін саласындағы құқық бұзушылық бойынша 27 адам жауапқа тартылды

/uploads/thumbnail/20180423124501519_small.jpg

2017 жылы дін саласындағы құқық бұзушылық бойынша 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, 2017 жылы басқарма тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 36 хаттама толтырылып, оның ішінде 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп мәлімдеді.

Соның ішінде діни мазмұндағы діни әдебиеттер мен материалдарды тарату бойынша – 14, діни рәсімдерді белгіленген орындардан тыс өткізу – 6, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру – 12, діни рәсімдерге кәмелет жасқа толмағандардың қатысуы бөлігінде діни бірлестік тарапынан шара қабылдамауы бойынша – 4.

Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске  асыру бойынша іс-шаралар жоспарына және 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда:

  • Діни экстремизм мен терроризмді ескерту және алдын алу бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы (жалпы саны 100 000 адам болатын 600-ге жуық іс-шара);
  • Деструктивті және экстремистік діни ағымдардың радикалды және жалған идеологияларының ықпалына ұшыраған адамдар үшін кеңес беру, алдын алу және оңалту қызметтерін көрсету бойынша оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру және жалғастыру;
  • Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтарын нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
  • Діни бірлестіктермен өзара байланыс, қызметін мониторингілеу (Алматы қаласы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы);
  • Ақпаратты жұмыс (БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған материалдар, фильмдер, роликтер);
  • Қала тұрғындарының дінге сенуші бөлігі үшін спорттық жобаны жалғастыру,

Негізгі назар барлық түсетін ақпараттарды жинақтау мен жүйелеуге, алдын алу жұмыстарының жаңа әдістері мен тетіктерін әзірлеуге, қызметті әдістемелік, сараптамалық және ақпараттық сүйемелдеуге және мүдделі мемлекеттік органдар үшін нақты ұсыныстарды әзірлеуге аударылатын қызметтердің қазіргі бар бағыттарындағы жұмыс күшейтілетін болады.

Әрі қарай қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы және қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы болжамды бағыттарға сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіру, берік бейбітшілік пен келісімді орнату үшін қажетті шаралар қабылданатын болады, - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Қатысты Мақалалар