Жезқазған қаласының орталығында Tоyota маркалы автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жезқазған қаласының Алашахан даңғылында Tоyota маркалы автокөлік өртенген.
Оқиға дүйсенбіде күндіз болған. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын алуға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
— Өртті 10:53-те өшірдік. Оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр, - деді облыстық ТЖД өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері автокөліктің жанып жатқан суреттерін жариялаған болатын.