Ақтөбелік полицейлер трассада болған қылмысты көргендерді үн қатуға шақырды

/uploads/thumbnail/20180425194702464_small.jpg

Ақтөбелік полицейлер Ақтөбе-Орынбор трассасында болған қылмысты көргендерді үн қатуға шақырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының бастығы Арман Мұхамедияров мәлімдеді.

Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері 19 сәуірде түнде Ақтөбе-Орынбор трассасы бойымен Ресей Федерациясы шекарасынан Қазақстанға өткендердің тізімін анықтауда. Олар ауыр қылмыс куәгерлері болуы мүмкін.

«Бұл қылмыс кісі көп жүретін Ақтөбе-Орынбор трассасындағы 35-ші шақрымда болғандықтан азаматтарды көмек көрсетуге шақырамыз. Ол жердегі жүк ағыны өте жоғары. Қазірде біз сол уақытта қанша адам жүргенін, кім шекараны кесіп өткенін тексерудеміз. Олардың арасында Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның және Ресей Федерациясының азаматтары бар. Не де болмасын бірдемені аңғарған, көрген адамдарды іздестірудеміз. Кейбіреулерінің машиналарында бейнетіркегіштер болады. Егер мүмкіндіктері болса немесе бірдемені білетін болса, бізге хабарласуларын сұраймыз, құпиялылыққа кепілдік береміз», - деді Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының бастығы Арман Мұхамедияров.

19 сәуірде, шамамен түнгі екілер шамасында Ақтөбе-Орынбор трассасы бойындағы 35-ші шақырымда «Камаз» автомашинасы (бетон араластырғыш) табылғанын, оның салонында жүргізуші, Ақтөбе қаласының 1966 жылғы тұрғынының басына тиген оқтан қайтыс болған өлігі табылғаны бұрын хабарланған болатын. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 2 тарауы, 99 бабы бойынша (Адам өлтіру), сондай-ақ, қарақшылық шабуыл бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Аса тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Тергеуді Ақтөбе облысының ІІД және прокуратура бақылауға алды.

«Осы қылмыс туралы ақпараттары бар әлеуметтік желілерде таралған дауыспен хабарлау шындыққа жанаспайды. Сонда да барлық нұсқалар тексерілуде. Рейдтік іс-шаралар, тексерістер жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеруде. Біз соңғы бес жыл ішінде жоғалған немесе ұрланған қарумен байланысы бар-жоғын да қарастырудамыз. Өткен және осы жылы босап шыққан, бұрын сотталған адамдарды да тексерудеміз. Бұл қылмысты ашу мақсатында осы бағытта өте үлкен жұмыс жүргізілуде», - деді А.Мұхамедияров.

Қатысты Мақалалар