«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны алматылық жастарды жинады

/uploads/thumbnail/20180426092241686_small.jpg

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны алматылық жастарды жинады.

Парасыз болашақ. «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны мыңдаған алматылық жастарды жинады. Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену. «Адал жол» кітабы қаладағы сегіз аудан бойынша жүріп өтті. Шара 8 ай көлемінде жалғасын тауып, желтоқсанда қорытындыланады.

Алматылықтар жемқорлыққа қарсы. Ұйымдастырылған эстафета осыған дәлел. Қаланың сегіз ауданында өткен шара мыңдаған азаматты жинады. Медеу ауданын бастау алған марафонға келген жастардың қарасы көп болды. Жауаптылар өскелең ұрпақты жастайынан жемқорлыққа жирене қарауға үйретсек, қоғам дертіне айналған кеселді түбімен жоюға болатынына сенімді.

«Марафон қаламыздың әр ауданында өтеді. Әр айда әр аудан осындай іс-шаралар өткізіп, халықты біріктіріп, халыққа түсіндіріп, эстафетаны келесі ауданға тапсырады. Және осы акция, бұл марафон сегіз ай жүреді биыл», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Айгүл Байханова.

Эстафетаны жетісулықтар қабылдап алды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастар парақорлыққа деген өз көзқарастарын білдірді. «Адал жол» кітабы әр аудан өкілдеріне табысталып жалғасын тапты.

Ел көлемінде ұйымдастырылған бірегей акция 9 желтоқсанда қорытындыланады. Ал әзірге «Адал жол» кітабына кез келген алматылық өз ұсыныстары мен тілектерін қалдыра алады.

Іс-шараның мақсаты – халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, облыстың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындыларын шығару. Марафонға қатысушылар өздерінің фотосуреттері мен игі тілектерін естелік ретінде қалдырған Кітап марафонның өзіндік символына айналды.

Аталмыш марафон мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру болып отыр. 

Марафон шеңберінде облыста лекциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, автошерулер және өзге де шаралар өтпек. Әр аудан жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасап, халықты жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақырмақ. Эстафета алауы ретінде оның туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітап беріледі.

Қатысты Мақалалар