Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында Көк базардың алдындағы алаңда Медеу ауданы әкімінің кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, қалалық басқармалар құрылымдарының өкілдері, аудан прокуроры, аудандық жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерінің басшылары, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры өкілдері және тағы басқа аудандық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру болды.
Көшпелі қабылдау аудан әкімі аппаратының бастамасымен 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
– Біз әрдайым ашық әрі қолжетімдіміз. Яғни халық арасындамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, кеңседе отыруға болмайды. Адамдар өздеріне көмектесетін лауазым иелерін іздеп кеңселерге баруға тиіс емес. Біз әрдайым кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Ондай жиындарда тұрғындар сұрақ қойып, көкейге қонымды жауабын алып қайтулары керек. Егер мұндай кездесулерде кей мәселелер шешілмей жатса, біз жауапты бөлім мамандарымен бірге оны белгілеп аламыз. Бәрі реттеледі, – деді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев.
Ауданда алдағы уақытта мұндай көшпелі қабылдау «Алатау», «Думан» ықшамаудандарында, Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өткізілетін болады. Тұрғындар алдын-ала ақпараттанырылады.
Қабылдауға Медеу ауданы әкімі, қалалық Маслихат депутаты, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарманың басшысы, аудан прокуроры, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы, Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшының орынбасары, Алматы қаласы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, аудандық жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерінің басшылары, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры өкілдері және т.б аудандық құрылымдар, 100 ден аса аудан тұрғыны қатысты.
– Бұған дейін бұл шара «Көк базар» жанында 2 рет және Шухов көшесі бойындағы №2 қалалық емхана, Алматы қаласының Оқушылар сарайы жанында және «Думан» ықшам ауданында ұйымдастырылып, нәтижесінде 700-ге жуық тұрғынның арыз-шағымы қаралған болатын. Көтерілген сұрақтардың 80% астамы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, 20% әлеуметтік мәселелерге байланысты. Олардың 65% түсіндіріліп, 35% оң шешімін тапты, - дейді шараны ұйымдастырған әкімдіктің қзметкерлері.
Пікір қалдыру