Бүгін қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні дейді. Мұқағалиға дейінгі қазақ жазба поэзиясын Абай, Қасым, Мағжан, Мұқағали дәуірі деп бөлсе де, Абайдан кейінгі жазба поэзияның құлашты кеңістігін, тамырлы тәбиғатын, ғажап шыңын даусыз Мұқағали қалыптастырды дегенге ешкім күмән келтірмес.
Мұқағали ақынның өмірге келген күні - осызаман қазақ поэзиясының өмір есігін ашқан күні іспетті. Себебі, одан кейінгі бүкіл алаш баласы жатқа оқитын, бүкіл алаш баласының өмірі мен тағдырына сіңіп кеткен ғұмырлы поэзия әлі туыла қойған жоқ секілді.
Ақынның туған күні - қазақ поэзиясының үлкен мерекесінің біріне айналып үлгерді. Бұл күн жайлы қазақ елі ғана емес, алаш баласының аяғы жеткен жердің бәрінде той. 9-ақпан келерден бұрын бүкіл қазақ даласы әбігерге түседі. Бұл да болса ақиық ақынға деген үлкен құрметтің белгісі екені даусыз.
Дегенмен, қазақ поэзиясының ұлы тұлғасының туған күнін шатыстырып жүргеніміз (қанша жерден айтылып, жазылып жүрсе де) - біз үшін үлкен сын емес пе?! Бір әшейін жеке ойымыздың түйткілі, сезімі ретінде айтсақ, Мұқағали ақынның туған күні өз мінезі секілді қаһарлы қыстың соңғы сәтіндей, наурыздың жайма-шуақ күніндей, алда келе жатқан жазғытұрым мен жаздың жылы лебіндей сезіледі. Шынында да ұлы ақынның туған күні наурыз айында екен. Бұл жөнінде ақынның аяулы анасы былай дейді:
“Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-жұлдызында дүниеге келген. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі, балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады”. (“Мұқағали наурыз айында туған” атты сұхбаттан)
Ал белгілі ақын, Мұқағали өлеңдерінің төрт томдығын құрастырған Оразақын Асқарұлы “Құжат бойынша Мұқағали 9-ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған” дейдіДегенмен, қазақ поэзиясының ұлы тұлғасының туған күнін шатыстырып жүргеніміз (қанша жерден айтылып, жазылып жүрсе де) - біз үшін үлкен сын емес пе?! Бір әшейін жеке ойымыздың түйткілі, сезімі ретінде айтсақ, Мұқағали ақынның туған күні өз мінезі секілді қаһарлы қыстың соңғы сәтіндей, наурыздың жайма-шуақ күніндей, алда келе жатқан жазғытұрым мен жаздың жылы лебіндей сезіледі. Шынында да ұлы ақынның туған күні наурыз айында екен.
Алшын МАТАЙ
Сурет alashainasy.kz алынды
Пікір қалдыру