Еске алып,айтар болсақ өткенді. Қазағымның басынан не өтпеді, Патша үкімі дейсізбе? Ол түк емес Қазағым көрген ашаршылық кезеңді. Қазағым көрген жәбір мен өмір сүргенді Тарихты ашып бастайын онда өткенді: 1635-інші жылда болған Жоңғар менен қазақтар көтерілісі «Елім ай» –деп елімізді зар еңіреткен «Ақтабан-щұбырынды»-майданы еді Бөкейде Исатаймен Махамбеттің Бастап берген шаруалар көтерілісі Онан кейін Кенесары Қасымұлы... Қазағымның біртпеді зарлы көші 1986 желтоқсан кеп Қазағымды тағы да дүркіретті Алаңға шығып жалын атқан жастарымыз Шындық үшін жандарын пида етті. Жүгенсіз кеткен империяшыл сол жүйенің Оспадарсыз әрекетін ашып берді Қазақты басқарсын тек қазақ басшы Деген ұран жастарды дүбірлетті Қаншама қиыншылық бастан өтті Қазағым қиын қыстау күнді көрді Десе де ер жүректі батырларым Елі үшін,жері үшін терін төкті Осындай батырлардың арқасында Қазағымның беделі өрлеп-өсті Керей менен Жәнібектей хан бастаған Көштің міне айтарлықтай бір белгісі Қазақстан дейтін мықты елге айналдық Тәуелсіз ел болдық міне мақтанарлық 550 жылды анық бастан кешкен Қазағыма қайран қалған өзге халық Көк туы желбіресе аспанында Жүрегіне қолын қояр біздің халық Қазақ тілін өзге ұлтқа мойындатқан Тағы да Қазақстан екені анық Көрінеміз биіктерден әлі де біз Нұрсұлтандай ел басымыз тұрғанда анық 1000 жылдықты тойлап жатса болашақта Дер едім мен Қазағымды мәңгі халық.

Нұрсәуле Мұратқызы