Бүгін Солтүстік Корея лидері Кым Чен Ын Жапония аралына қарсы қос бірдей балистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды.
Ресми Токио әзірге Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне жауап қатқан жоқ.
Алайда бүгін таңергеңгісін Оңтүстік Корея, АҚШ пен Жапония-ның бірлескен әскери жаттығуларына наразылық ретінде Жапония аралдарына бағытталған қос бірдей жақын қашықтыққа ұшатын балистикалық зымыран ұшырды.
Наурыздың аяғына дейін жалғасытан "Key Resolve" және "Foal Eagle" үш жақты әскери-оқу жаттығу шараларына наразылық білдірген КХДР лидері Оңтүстік Кореяға АҚШ-пен біріккен жағдайда ядролық қару қолданатынын ескерткен.
Алайда, КХДР-ның батыс жағалауынан ұшырылған зымырандар 490 км қашықтықтан кейін суға құлаған.
Наурыздың 2-сі күні басталған "Key Resolve" жаттығуы осы айдың аяғына дейін жалғасатын болса, "Foal Eagle" жаттығулары сәуірдің орта шеніне дейін жүргізілетін болады.
Еске сала кетсек, Пхеньян былтырғы жылы да аталмыш оқу-жаттығулары кезінде қарсылық білдірген болатын. Тіпті, Кым Чен Ын қос Корея арасындағы шекараны жауып, телефон байланыстарын үзген еді.
Әзірге Жапония премьер министрі Синдзо Абэ Оңтүстік Кореямен әскери ынтымақтастықты арттыратынын айтқан. Сондай-ақ, Жапония әуе және теңіз әскерлеріне сақтық шараларын нығайтуды тапсырған.
Пікір қалдыру