Елбасы «Агран» зауытына барды

/uploads/thumbnail/20180518140357725_small.jpg

Елбасы қабырғаға және шатырға арналған материалдар, шыны және металл бұйымдарын шығаратын «Агран» зауытына барды.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі даму барысы және мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға қатысу арқылы оның өндірістік қуатын арттыру перспективалары жөнінде мәлімделді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді. 

"Агран" серіктестігі - көпсалалы кәсіпорын. Мұнда жылуұстағыш әйнек пакеттер шығарылады.  Олар жоғары сәуле өткізгіштік қасиетке ие. Шикізат негізінен Ресейдің жақын өңірлерінен жеткізіледі. Зауыттың негізгі технологиялық қондырғылары әйнек кесу, әйнек пакеттері өндірісінің автоматты желілерінен және әйнекті пысыту пешінен тұрады. Шағын зауытты салуға 150 миллион теңге қаржы жұмсалған. Кәсіпорынның жылдық қуаты жылына 200 мың шаршы метр қуат үнемдегіш әйнек пакеттерін шығаруға мүмкіндік береді.

Қатысты Мақалалар