Атырауда 2500-ден аса адам бос жумыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

/uploads/thumbnail/20180518170407855_small.jpg

Атырауда жастар еңбек биржасы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 18 мамыр күні, «Apec Petrotechnic» жоғары колледжінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, түйіндемелер қабылданды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жастардың, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету, әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуіне жағдай жасау, жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған. 

-Бұл жоба өңірде жыл сайын өткізіледі.Жыл сайын жұмысқа тұрушы жастар саны өсуде. Бүгінгі жәрмеңкеге 2500-ден аса адам қатысты, олардың барлығы өтініш беріп, жұмысқа тұру үшін түйіндемелерін қалдырды,-дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.

Айта кетейік, өткен жылғы жәрмеңкеге 20-дан астам мекеме қатысып, 1200-ден аса адам жаңа жұмыс орындарына түйіндеме тапсырған болатын. Нәтижесінде 250-ге жуық адам жұмысқа орналасты.

Қатысты Мақалалар