"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне!
І
Жаднама
« Ішім өлген , сыртым сау!»
- Абай Құнанбаев
II
Қазақстан
«Көктем де келді, мінеки, Қазақстанға!
Мен сенбеймін Қазақстанға сенгеннің
басынан база ұшқанға!»
-Төлеген Айбергенов
Жартасында жаңғырыққан зар ғұмыр, Жусанына сіңген қаным алқызыл. Арилерден әлдилеген, Фәнидегі жалғызым! Ықылымнан сыр хаттаған, Рухымды құндақтаған, Мың жылатып, мың жұбатып, Кірпігімді құрғатпаған, Жалғызым! Қыналы бел, көк балбалым, Зәу шыңдарым, шатқалдарым, Сендерсіңдер опалы ұлдың, Отан атты Жоқ пен Бары. Лайласа кім киең ұрар, Ардың аппақ бұлағысың. Қара қазақ баласына, Жасыл шардың жұмағысың. уа, Жалғызым, жалғызымсың! Жалғыз тілек, жалғыз үнсің. Жалғыз мағына, жалғыз әспет, Жалғыз арқау, жалғыз күнсің. Айналғанда даңқың нұрға, Асқарыңа талпынуда, өренің, Пайғамбардай беделің. Көлеңкелі қастарыңның Сыбағасы төр емсесе – көр өлім! уа,құндағым, құт бесігім! Жаппарынан жарылқанған жалғызым, Тәу еттім мен Тәңірге, Топырағыңнан татқанымда нанды үзім, Маңдайыма жаққанымда таң нұрын, Бақыт болып бақтарыңда қалды ізім! Жалғызым!
Пікір қалдыру