Жақында белгілі суретші Аңсаған Мұстафа Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап арнайы төсбелгілер әзірледі. Фейсбук әлеуметтік парақшасына келіп түскен оқырмандардың ұсынысы бойынша төсбелгі дизайнын дайындаған. Аңсағанның төсбелгіге арнап әзірлеген суреті Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотиптен анағұрлым жақсы шыққан. Автордың өзі осындай төсбелгілерді таққысы келетіндер үшін сурет дизайынын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. "Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында осындай төсбелгіні кез-келген фото салоннан шығарып алуға болады"-дейді автор.
Пікір қалдыру