ШҚО-да наурызда жоғалып кеткен қарт адамның денесі орманнан табылды

/uploads/thumbnail/20180519114136573_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылының тұрғыны 78 жастағы Александр Фомичев 31 наурызда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Жергілікті altaynews.kz сайтының дерегінше, қарт адамның өлі денесі орманнан табылған.

Александр Фомичев 31 наурызда 26 шақырым жерде орналасқан омартасын көріп келемін деп үйінен шығып кеткен. Бірақ 1 сәуір күні оның сол бойы омартаға жетпегені анықталады.

Бесінші сәуірден басталған іздеу жұмыстарына зейнеткердің туыстарымен қатар жергілікті полиция мен ТЖ бойынша департаменттің өкілдері де қатысты. Бірақ ол ұзақ уақыт еш нәтиже бермеді.

Тек 12 мамырда ғана Фомичевтің денесін орман жиегінен полиция капитаны Дәурен Апижанов тауып алады. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, қарт адам далада үсіп қалған екен. Ол жолға шыққан күні ауа-райы аяздатып тұрған деседі.

Қатысты Мақалалар