ҚазҰУ-де "Шығыс мәдениеті" фестивальі ұйымдастырылады

/uploads/thumbnail/20170708171050367_small.jpg

Ақпанның 5 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен "Шығыс мәдениеті" атты фестиваль өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

"Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат – қоғам мүшелерін таңғажайып   Шығыс мәдениетімен таныстыру және қоғамның  ұлтаралық һәм мәдениетаралық қарым-қатынас процесіне белсенді араласуына сеп болу"-дейді шараны ұйымдастырушылар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2014 жылы 16 мамырда тұсауы кесілген Шығыс Мұражайы – бүгінде шығыс халықтарының рухани және материалдық мәдениетінен жан-жақты хабардар ететін жәдігерлер жинақталған үлкен орталыққа айналған.

Қазіргі таңда Мұражайда антикаварлық бұйымдар, шығыс халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, әшекейлері, шығыс халықтарының күнделікті тұрмысынан хабар беретін бұйымдар және сирек кездесетін кітаптар қойылған.

Сондай-ақ, Шығыс мәдениеті фестивалі барысында шығыс халықтарының бай рухани және материалдық мәдениетін көрсететін әндер мен билер, ұлттық киімдер  және  ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

"Шығыс мәдениеті фестивалі аясында шығыс халықтарының шай ішу дәстүрі, сонымен қатар, қытай, корей, жапон, үнді, түрік, араб, иран халықтарының дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, сол тағамдардың дайындалуы һақында құнды ақпарат ала аласыздар"-дейді шараны ұйымдастырушылар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар