Алмас Кішкенбаев отбасымен Алматыдан Астана қаласына қоныс аударды (фото)

/uploads/thumbnail/20170708171050536_small.jpg

Әнші Алмас Кішкенбаев отбасымен Алматыдан Астана қаласына қоныс аударды. Осыған дейін әнші Астанаға қоныс аударатыны жайлы айтқан болатын. Енді толығымен бас қаланың тұрғыны атанды. Сонымен қатар, әншінің жетекшілігіндегі «V Alem» тобы да Астанаға көшті. Ал екінші жобасы, былтырғы «Қазақстан Дауысы» жобасының финалисі Тимур Омаровпен жұмысын тоқтатыпты. Алмас Тимурға бірнеше ән жазып, бейнебаян да түсіріп берген болатын. Қазір әншінің продюсерлік орталығында тек «V Alem» тобы. Сондай-ақ, білуімізше Алмас енді биылғы «Қазақстан Дауысы» жобасының финалисті Иса Алимусаевпен жұмыс бастамақ екен.

10963860_1551411975106518_247589996_n 11026439_652552798200047_724068812_n mKkmGX9suuc

baistars.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар