Жайықтағы  Жанардың дөңгеленген кәсібі

/uploads/thumbnail/20180510103043660_small.jpg

– Украинаға қонаққа барға­ным­­да сондағы туыстарымнан Ва­лентин Казьмиренко деген кәсіп­кердің ағаш көмір шығаратынын естідім. Шыны керек, бұл жаңа­лық менің қызығушылығымды оятты. «Ол қандай зат екен?» деген сұ­рақ та көкейімнен кетпей қойды. Кәсіпкермен кездесіп, жұмысымен танысқаннан кейін біздің об­лыс­та осындай кәсіпті неге ашпасқа деген ой келген еді. Сол кісіден тә­­жі­­ри­­бе алып, ағаш көмір жасаудың қыр-сырына қанықтым. Кәсіп­кер­ ден өндіріске қажетті пеш сатып алдым, – деп бастады әңгімесін оралдық Жанар Абдурахманова.

Содан соң ол кәсіппен яғни құрамында көп мөлшерде көміртек бар мик­рокеуекті өнімді өндірумен айналысуға бет бұрады. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы  Бу­дарин ауылы маңындағы Вольково көлінің қасындағы Красный яр де­ген жерде жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Жанар Берікқызы өз кә­сі­бін өткен жылы бас­тапты. Мемлекеттің қолдауына арқа сүйеген кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік-инно­вациялық грант иегері атанады. Со­ның нәтижесінде 2 800 000 теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткіз­ген. Осы қаражатқа Украинадан кәсібіне қажетті пиролизді пеш са­тып алған.

Оның қолында UP-EKO ныспылы пиролизді пеште ағаш көмірін өндірудегі тех­но­логиялық-регламенттік жұ­мыс­тар­ды орындау және ұйым­дас­тыру бойынша оқығанын дә­лел­ дейтін анықтама да бар.

– Шикізат ретінде қураған, өрт шалған ағаштарды пайдаланамыз. Осы кәсібіміз арқылы орманды қураған ағаштардан тазартамыз. Өніміміздің сапасы жақсы бол­­ған­дықтан, Орал қаласындағы мей­рамхана-кафелерден сұраныс көп түседі. Мәселен, «Ай-Луна» ка­фесі апта сайын бір тонна ағаш кө­мірге тапсырыс береді. Сонымен қатар «Баку», «Девичья башня», «Айкар», «Восточная сказка», «У Ма­на­сья­на», «Сим-Сим», «Ниолить» мей­рам­ха­на-кафелері ағаш кө­­мір­ді түрлі кәуаптар мен стейктер да­йын­дау үшін сатып алады, – дейді кәсіпкер.

Жанар дөңгелеткен кәсіпте ауылдың он тұрғыны жұмыс жасайды екен. Қазір ол  үшінші пешті қосудың қамын жасап жүр. Сондай-ақ оған Атырау, Маңғыстау об­лыс­тарының тұрғындары да тап­сырыс береді екен. Өнімдер 10 келілік қапшықпен сатылуда. Кә­сіп­­кер­дің айтуынша, көтерме ба­ға­ мен алса, келісі 120 теңге, ал 5-10 қапшықтап алса, келісі 140 тең­ге­ ден сатылады.

Қатысты Мақалалар