«Almaty Arena» мұз кешенінде «Almaty Arena Cup» хоккейі бойынша балалар турнирі өтті, оған Астанадан, Алматыдан, Өскеменнен, Шымкенттен, Бішкектен және басқаларынан командалар қатысты.
Астанадан келген команда жеңімпаз атанды. Екінші орын Өскеменнің «Торпедо» командасына бұйырды. Құметті үшінші орынды «Алматы» командасының ойыншылары жеңіп алды.
Қала спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Байсеитов қазіргі кезде қалада шайбалы хоккейден бірнеше балалар мен жасөспірімдер клубтарының ойнайтындығын айтты. Кезінде балалардың «Алматы» хоккей клубы екі рет халықаралық жарыстардың жеңіпмазы болды.
«Универсиаданың арқасында бізде «Almaty Arena» және «Halyk Arena» сынды тамаша спорт кешендері пайда болды, бұларда қазіргі кезде 10 хоккей клубтары жаттығуда. Біз алматылық балаларды өзімізге шақырамыз. Триатлон, мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек, шахмат, карате, қазақ күресі, жүзу секциялары ашылды. Бұлардан өзге, ағылшын тілі клубы, домбыра, классикалық бокс, би, көркем гимнастика және басқа үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар мен студенттер үшін 50%-дық жеңілдік бар», - деді Рүстем Байсеитов.
Бүгінгі күні мегаполисте «Спорттық Алматы» және «Спорт менің ауламда» бағдарламалары кең қанат жаюда, 500-ден астам спорт алаңдары абаттандырылды. «Туған жер» бағдарламасы аясында Алатау ауданында жеңіл атлетикалық стадион іске қосылды, жеңіл атлетикалық манеж салынуда.
Пікір қалдыру