Алматыда 18 мамырда 6 музейде «Музей түні» өтеді

/uploads/thumbnail/20180525101739744_small.jpg

Алматыда 18 мамырда музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Музей түні» өтеді.

Танымдық шара 6 музейде: Алматы музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н.Тілендиевтің мемориалдық музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі және Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында өтеді.

Мұнда көрмелер, шеберлік сабақтары, квест, байқаулар, концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар кіретін арнайы мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, келушілер назарына «Жанды музей» экспозициялары ұсынылады. Музей түнінде келушілер тарихи оқиғаларды, сол дәуірдің киімдері мен тұрмыс тіршілігі, диірмен тарту, келі түю, баланы бесікке салу дәстүрлерін интерактивті форматта көре алады.

Қатысты Мақалалар