Алматыда бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі өзгерді

/uploads/thumbnail/20180525111618144_small.jpg

Алматыда биыл бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау balabaqsha.open-almaty.kz сайты арқылы жүзеге асатын болды.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 15-мамырдан бастап балалар балабақшаларға жаңа жүйе бойынша орналастырылады.

Бұл үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер ХҚО-дан электронды-цифрлық қолтаңба алуы шарт. Сосын көрсетілген сайтқа кіріп, электронды-цифрлы қолтаңда арқылы жеке кабинетке өтуі тиіс.

Ары қарай жеке кабинетте байланыс деректерін енгізу немесе өзгерту керек.

«Туған күндері қазан, қараша айларына сәйкес келетін балаларды басқару жүйесі автоматты түрде келесі жылға қалдырады. Бұл жүйеде бос орындары бар мемелекеттік немесе жеке балабақшалар көрсетіледі. Жолдама алу мерзімі 3 жұмыс күніне созылады», - деді басқармадағылар.

Мамандар жолдама берілген балабақшаға ата-аналар 5 жұмыс күні ішінде хабарласуын сұрайды. 

Қатысты Мақалалар