«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы екі бағытта атқарылуда.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Сәулебекұлы Марғұланның қатысуымен брифинг өтті.
Едіге Сәулебекұлының ақпаратынша, Қазақстанның шағын-орта бизнесінің сапалы түрде дамуына жәрдемдесу Қордың миссиясы болып табылады.
«Даму» қоры өз миссиясын жүзеге асыру мақсатында дамудың екі негізгі стратегиялық бағыттары бойынша жұмыс істейді:
1) Ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерді қолдау:
2) Қордың тұрақты институционалдық дамуы.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласы бойынша аумақтық филиалы өз жұмысын 2007 жылы 1 маусымнан бастаған болатын. 2010 жылдан бастап қор «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық агенті және операторы болды. Бұл бағдарламаның бастамашысы Елбасы екені белгілі. Бағдарлама кәсіпкерлердің басты мәселелерін шешуге арналған. Олардың бірі – несиелердің қымбаттығы және кепілдіктің жетіспеушілігі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы екі бағытқа – қаржылай және қаржылай емес қолдау болып бөлінеді. Қаржылай қолдауға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жатады, бұл дегеніміз бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 2017 жылғы 29 қаңтардағы №168 қаулысына сәйкес өзгерістері мен толықтыруларына сәйкес, субсидиялау ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайызға ұлғайған. Мемлекет осы 5 пайызды қосып, несиенің 40 пайызын субсидиялайды, ал қалған айырмасын кәсіпкер төлейді. Бұл кредиттік шарттар бойынша ғана жүзеге асырылады, ИИДМБ (ГППИИР) бойынша өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер үшін – 50% субсидия. Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін. Пролонгациясыз.
Инвестицияларға бағытталған кредиттік шарттары бойынша субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жылды құрайды, – деп мәлімдеді Едіге Сәулебекұлы.