Алматыда ТЖД департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен брифинг өтті

/uploads/thumbnail/20180528153142640_small.jpg

Алматы қаласында жаңбырдан болған су тасқынынан 24 оқиға тіркелді.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібекұлының қатысуымен брифинг өтті.

Ерлан Әлібековтың айтуынша, Казгидромет мәліметтері бойынша   мамыр айының басында қаланың аумағында жаңбыр түрінде 76 мм жауын шашын жауды, оның ішінде 12 мамырда – 14 мм,  13 мамырда-11 мм-ге,14 мамырда түске дейін 12 мм –ге дейін жауын-шашын болды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ауа температурасы  16 С тан  жоғары болды,  бір айлық жауын-шашын мөлшері қалыптан жоғары болады деп күтілуде, - деп айтып кетті өз сөзінде.

12-14 мамыр аралығында жаңбырдан болған су тасқынының 24 оқиғасы тіркелді, оның ішінде, жеке үйлерде – 5 , жертөлелерде- 2, жеке үйлердің аулаларында-8 , көшелерде- 9 оқиға.

Анықтама үшін:

  • Алатау ауданы -7 оқиға;
  • Алмалы ауданы- 3 оқиға
  • Әуезов ауданы – 2 оқиға;

4) Бостандық ауданы-1 оқиға;

5) Жетісу ауданы- 2 оқиға;

6) Медеу ауданы- 7 оқиға

7) Наурызбай ауданы- 1 оқиға;

8) Түрксіб ауданы- 2 оқиға,-деп баяндады Ерлан Әлібекұлы.

Су тасқынының негізгі себебі арық жүйелерінің ластануы

Ерлан Әлібековтың сөзінше, су тасқынының негізгі себептері аудандарда қалаға қосылатын арық және кәріз жүйелерінің болмауы, сондай-ақ, арық жүйелерінің ластануы (9 оқиға), каналдардың қоқысқа толып кетуі. (15 оқиға).

Су тасқыны маусымында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында, жеке құрамнан жалпы саны 70 адам, 6 бірлік әр түрлі бағыттағы техникалар, 7 бірлік мотопомп, «109»  бөлімінің жеке құрамынан -21 адам, 7 бірлік техника, әкімдіктен жеке құрамнан 36 адам  қатыстырылып, 50 дана қаптар төселді.

Бүгінгі күнге (14 мамырға) 8 су тасқыны оқиғасы тіркелді, олар:

Алатау ауданында – 2 оқиға, көшелерді су басу – 1 (Шоссейная ), аулалар бойынша – 1, (Нұрпейісов көшесі);

Әуезов ауданы бойынша - Сайн көшесін су басу оқиғасы тіркелді (Райымбек д. қиылысы);

Бостандық ауданы бойынша 1 оқиға, Бағанашыл ы.а. Желтоқсан көшесі;

Медеу ауданы бойынша – көшелерді су басудың – 3 оқиғасы тіркелді.

Олар: Космодемьямская, Средняя және Қордай көшелері;

Наурызбай ауданы бойынша- Жуалы көшесін су басу- 1 оқиға.

Қазіргі уақытта аталған учаскелер бойынша су тасқынын жою жұмыстары жүргізілуде. Жеке құрамнан – 20 адам, 7 бірлік техника, 4 бірлік мотопомпа,1 бірлік су сорғыш жұмылдырылып, 30 дана қап төселді.

Ғимараттардың құлап, жарылуы туралы оқиға тіркелген жоқ, - деп атап өтті ол.

Қазгидрометтің апталық шолуына сәйкес, сейсенбі, сәрсенбі күндері жаңбыр жаумайды, ал бейсенбі және жұма күндері жаңбыр жауады деп күтілуде.

Айта кету керек, Алматы қаласының су тасқыны мәселелері жүйелі түрде шешіліп отырады,-деп сөзін қорытындылады Ерлан Әлібекұлы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар