Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан баяндады.
Едіге Марғұланың ақпаратына сүйенсек, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды құрайды.
Кредиттің максималды сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд.тенге.
Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланады.
Сондай-ақ, субсидиялау бойынша өзгерістер енгізілді, 180 млн.тенгеден аспайтын несиелер бойынша, қарау мерзімі - 5 жұмыс күн ішінде Даму қорымен қарастырылады. 180 млн. теңгеден асатын несиелер бойынша өңірлік бағдарлама координаторымен 21 жұмыс күні ішінде қарастырады.
2017 жылғы нәтиже бойынша, 148 пайыздық мөлшерлемені субсидиялау клісім шартына қол қойылды. Игерілген мақсатты трансферт сомасы 3,719 млн.теңгені құрайды. Өнеркәсіп, көлік және сауда салаларын жетекші орын алады.
Кепілдеме құралы бойынша 2017 жылы Алматы қаласында 43 жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 2 496 млн.тенге құрайды, сонымен бірге кепілдеме сомасы 873 млн.тенге құрады.
Жалпы осы жылы, 1 квартал есебі бойынша Алматы қаласында 24 кепілдеме келісім шартына қол қойылып, кепілдеме сомасы 339 млн. теңгені құрады.
«Даму Оптима» – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтіндер үшін арналған. Бұл жаңа құрал сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары секілді салалар үшін қолжетімді болады.
«Даму Оптима» бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана отырып несие алуға мүмкіндік береді.
2016 жылы жүзеге асырыла бастаған «Даму Оптима» бағдарламасына енгізілген өзгерістер қатарында – кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау, кепілдеме беру талаптары, кепілдендірудің жаңа түрлерін енгізу мен қазіргі қолданыстағы түрін дамыту да бар. Атап айтқанда инвестициялық мақсаттағы несиенің есебінен алынған кез-келген жылжитын/жылжымайтын мүлікті бұдан былай банкке кепілдік ретінде ұсынуға болады. Бағдарламаның бұған дейінгі талабы бойынша мұндай жағдайда үшінші жақтың кепілдігі керек болып, кәсіпкердің барлық кепілзаттарының 70 пайызы тұрақты және өтімді болуы міндеттелетін еді.
Енгізілген тағы бір өзгеріс – «Даму»-Оптима» бағдарламасына ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің де қолы жететін болғандығы. Енді олар банк алдынағы кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда Қордан несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдеме ала-алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 млн теңгеге дейін несие беріледі.
Бизнесі жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін непілдеме сомасы бұрынғыдай, яғни несие сомасының 50 пайызы болып қалды. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін берілетін несие сомасы – инвестициялық мақсатқа 180 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теңгеге дейін. Бизнесі бар кәсіпкерлер жоба құнының 20 пайызын өздері шығаруы керек.
Кепілдеме «Даму»-Оптима» бағдарламасы бойынша 2017 жылы жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 584 млн.тг, кепілдеме сомасы 247,6 млн.тг, - деп сөзін түйіндеді Едіге Саулебекұлы.
Пікір қалдыру