"Наша газета" тілшілері Қостанайда ғаламшардағы жасы ең үлкен адамдардың бірін тапқанын хабарлады.
Басылым 3 наурызда Марпуға Салтеткенованы 113 жасқа толуымен құттықтады.
Бүгінде әлемдегі ең қарт тұрғын Осакадағы 116 жасар жапондық қария деп есептелінеді. Біздің көп жасаған қостанайлық апамыз рекордқа жақындап қалды.
"Он жыл бұрын біз апамызбен жолығып, оған зор денсаулық тілеген болатынбыз. Осы жылда, 8 наурыз мерекесіне қарсы біздің тілшіміз Федор Мин әжеміз жайлы газетімізге ақпар берді. Біз Федормен бірге осы бір тамаша жанның туған күніне ана туралы өлеңді сыйға тартып, қонақ болып қайттық. Ол бізді қандай жылы құшақпен қарсы алғанын білсеңіздер ғой. Дастарханда – бауырсақ пен құймақтар, жүзінде – күлкі, тіпті частушкалар да айтылды. Ал әжеміз тіпті керемет жан. Біздің құттықтауымызға жауап ретінде ол ақ тілектерін жаудырып, өзіндей ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл тілек біздің барлық оқырманға да септік болар деген үміттеміз", - дейді газет тілшілері.
Апаның жасы ресми расталған. Жеке куәлікте кейуананың жасы көрсетілген
"Бүгін дастархан басында әжеміздің келіндері, достары, таныстары, мен – оның кіндік қызы отыр, – деп сөз бастады Роза Жүнісова, - Марпуға-әжеміздің керемет өмірді сүйетіні сезіледі. Үлкен қызы 89 жаста, ол да бір төбе! Бұған не себеп екенін біз жақсы білеміз – ол өмірінде ешкімге жамандығы жоқ, жақсылыққа жаны жақын адам. Біздің арамызда әлі көп жасағанын қалаймыз".
