ОҚО-да мектеп кітапханаларында «Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасы өтуде

/uploads/thumbnail/20180530103956043_small.jpg

«Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен мектеп кітапханаларында «Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Мақсаты: мектеп оқушылары арасында кітаптың маңыздылығы, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, өмірде жақсы жетістікке жету үшін көп оқып, іздену керек екенін ұғындыра отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту, дүниетанымын кеңейту,сана-сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Шардара ауданында Б.Соқпақбаев мектебінде «Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасын қортындылады.

Кітап оқуда үздіктік танытқан 13 оқушы анықталды. Үздіктер жергілікті ақындардың шығармашылықтарын мәнерлеп, нақышына келтіріп орындады. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың еңбектерінен құралған буктрейлер көрсетілді.

«Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің өкілі С.Кендірбаев ұйымдастырылған іс-шара өз кезегінде оқушылардың кітап оқып, рухани азық алып, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына игі ықпалын тигізетінің айтты.Қатысушыларға алғысын айтып, сәттіліктер тіледі.

Іс-шара барысында Қ.Аманжолов атындағы мектептің оқушылары «Рухани жаңғыру» әдеби-сазды монтажын ұсынса, С.Құрманғазы атындағы мектебінің білімпаздары «Туған жерім-кеше, бүгін, ертең» тақырыбында үздік ғылыми-ізденіс жұмысының презентациясын таныстырды. Ал, Б.Соқпақбаев атындағы мектептің оқушылары «Абай даналығы» ашық тәрбиелік-интеллектуалдық сабағын өткізді. Сонымен қатар, іс-шара аудандық балалар саз мектебінің оқушылары концерттік бағдарламасы мен шеруге жалғасты. Іс-шарада үздіктік танытқан оқушыларға аудан әкімдігінің арнайы дипломы берілді.

Қатысты Мақалалар