Жанар Дұғалова елбасымен екінші рет кездескенін айтып мақтанды

/uploads/thumbnail/20170708171327348_small.jpg

Жанар Дұғалованы халықарлық сайыстарда елбасының тілегі шабыттандырады.

Бүгін Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевпен "Көктем шуағы" атты кездесуі барысында "Turkvizion-2014" халықаралық байқауының жеңімпазы, "түркі әлемінің алтын дауысы" атағының иегері Жанар Дұғалова осылай айтты. "Сізбен кездесу көпшілік үшін арман, ал мен өмірімде екінші рет жүздесіп отырғаныма мақтанамын. Осыдан 16 жыл бұрын Эстониядан халықаралық сайыста бас жүлде алып келгенде Сізбен кездесу бақыты бұйырған. Ол кезде 12 жастағы жеткіншекпін. Мені жеңісіммен құттықтап, әрі қарай да елімізге қызмет етуді тіледіңіз. Сол бір ауыз сөзіңізді әрі ақыл, әрі тілек, әрі бата ретінде қабылдадым. Сондықтан болар, халықаралық сайыстарда бақ сынаған сайын мені сол тілегіңіз шабыттандырады", - деді Жанар Дұғалова. Сондай-ақ, елбасы қамқорлығының арқасында қазақ жастары талай жеңіске жететінін, Қазақстанның атын әлемге танытатынын атап өтті.
"Казинформ"

Қатысты Мақалалар